"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі  Самарка ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Самарка отдела образования по Атбасарскому району Управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушыларымен профилактикалық бағыттағы әңгіме

1 қыркүйек күні Самарка НОМ Атбасар қаласының РОП қызметкері Жакупов М.Б. 5-9 сынып оқушыларымен профилактикалық бағыттағы әңгіме өткізді. Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін алдын алу жұмыстары маңызды рөл атқарады. Құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы міндет – ерте профилактиканы жүзеге асыру, яғни баланың қалыпты дамуына мүмкіндік беретін жағдайларды жасау: моральдық-құқықтық нормаларды бұзуға бейім оқушыларды анықтау; мұндай оқушылардың жеке ерекшеліктері мен тұлғалық ауытқулар себептерін зерттеу; белгілі бір жас кезеңіне тән дағдарыстық жағдайларды дер кезінде анықтау; мектепішілік іс-шараларға оқушыларды тарту.

Әңгіме барысында оқушыларға құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылық жасаған кездегі әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, полиция қызметкері Жакупов М.Б. оқушыларды тәртіпті болуға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Оқушылар үлкен қызығушылықпен тыңдап, өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.


Текст