Текст
2025 жылғы 27 қаңтарда Самарка ауылындағы орта мектепте дене шынықтыру және спорт апталығы ашылды.
Жиында мектеп оқушылары-спортшылар өнер көрсетті.
Дене шынықтыру және спорт апталығының негізгі мақсаты оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту, сондай-ақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады.
Пәндік апталықты өткізу кезінде жарыстар мен іс-шараларға әртүрлі жас санаттарындағы білім алушылардың қатысуына ерекше назар аударылады.
Онкүндікті өткізу балаларға өздерінің физикалық қабілеттерін көрсетуге, өз мүдделерінің жан-жақтылығын ашуға мүмкіндік береді.
Әр күн ерекше және қызықты болады!