Текст
Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» салтанатты жиыны
1 қыркүйек күні Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті! Бүгін біздің мектеп атты үлкен де тату отбасыға мектепалды даярлық және бірінші сынып оқушылары қосылды. Мектеп баршаға қуанышпен есігін айқара ашты. Дәстүр бойынша алғашқы қоңырау соғылып, олардың мүлде жаңа өмірі басталды. Бұл өмірде оларды: алғашқы ұстаз, алғашқы сабақ, алғашқы сыныптастар мен жаңа достар күтіп тұр.