01.04.2025 жылдан бастап "Мың бала" ұлттық олимпиадасы басталды, оған"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Самарқа ауылының негізгі орта мектебі"КММ 6 сынып оқушылары қатысты
"Мың бала" жобасы құрдастарымен сәтті бәсекелесе отырып, еліміздің үздік мектептерінде білім алуға мүмкіндік беру үшін жыл сайын ауылдық жерлерден 6 сыныптың ең қабілетті 1000 оқушысын анықтауға арналған.
Олимпиаданың мақсаты-ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау.
Олимпиадаға қатысушылар: Қазақстан Республикасы ауылдық жерлерінің 6 сынып оқушылары
Қатысу шарттары:
Олимпиадаға Қазақстан Республикасының ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын 6 сынып оқушылары қатысады.