"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі  Самарка ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Самарка отдела образования по Атбасарскому району Управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл – ұлттың жаны»

15.09.2025

15 Қыркүйек – Тілдер күніне арналған сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Қазақстан – көпұлтты, көптілді ел. Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі, ресми қатынас тілі – орыс тілі, ал ағылшын тілі – заманауи білім мен технология тілі ретінде ерекше маңызға ие. Осыған орай, 15 қыркүйек күні Самарка негізгі орта мектебінде Тілдер күніне арналған «Тіл – ұлттың жаны» атты сыныптан тыс «БИНГО»ойыны түрінде іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың үш тілге деген қызығушылығын арттыру, тілдерді құрметтеуге тәрбиелеу және ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамыту. 

Шара барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалған тапсырмаларды орындап, «ВИНГО» форматында белсене қатысты. Әр тапсырмада оқушылар тіл туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. 
Шара соңында белсенді оқушылар марапатталып, барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде қалды. Бұл іс-шара оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, оларды достық пен татулыққа үндеді.

Просмотров: 7


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст