Текст
Самарка негізгі мектебінің "Солнышко" шағын орталығындағы балаларына "Көбелектер" атты ойыны өте ұнайды. Ойыны:ойын алаңынан; 41 түрлі көбелектен; қызыл, сары, көк, ақ, жасыл және қызғылт сары түсті белгісі бар 3 текшеден; 36 карточкадан тұрады. Бұл-балалардың зейінін шоғырландырып, түстерді, пішіндерді танып білуге, салыстырып үйренуге бағдарланған ойын. Ойын тәртібі бойынша текшелер ортаға тасталынады. Балалар текшедегі түспен көбелектердің түстерін салыстырып, сәйкесін табу арқылы ұпай жинайды. Ал карточкалар бойынша көбелектегі пішіндер мен өрнектердің сәйкестігін табады.