Текст
25 сәуір күні Самарка негізгі орта мектебінде «Түлектер ағаш егу» атты республикалық эко-челлендж өтті. Акция аясында мектеп ауласында 10 түп ағаш отырғызылды. Жас түлектер бұл маңызды шараға үлкен жауапкершілікпен қарады. Ағаштар шынайы қамқорлықпен және ықыласпен отырғызылды. Енді олар тамырын тереңге жайып, мектеп аумағының одан әрі көгалдануына үлес қосады.