Текст
Самарка негізгі мектебінде мектепке дейінгі білім беру онкүндігінің жоспары бойынша тәрбиешілер А.С. Баймагамбетова және А.Т. Ашкенованың ұйымдастыруымен "Красный, синий, голубой, выбирай себе любой!" атты ойын-сауығын өткізді. Мақсаты: балалардың бойында мерекелік көңіл-күйді қалыптастыру; қозғалыс белсенділігін дамыту; өзара көмек пен достыққа тәрбиелеу. Жұмбақтар шешіп, "Музыкалық шар", "Шыныаяқты шармен жылжыту", "Шар аулау", "Тазарту жұмысы", "Мен үлкен шармын" ойындарды ойнап, шарлар сән мен безендіруге ғана емес, олармен көңілді ойындар өткізуге болатынын түсінді. Ойын-сауықтың соңында тәрбиешілер әр балаға белсенді қатысқаны үшін медаль сыйлады.