Текст
6 ақпанда «Атбасар ауданы білім бөлімінің Самарка негізгі мектебі» КММ-де психология мен өзін-өзі танудың онкүндігі аясында мектеп психологы Ж.С.Куспанова және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Зиганшина К.Ф спорттық волейбол фестивалін өткізді. Оған екі оқытушы құрам мен оқушылар құралған екі команда қатысты.
Іс-шараның мақсаты: топ ішіндегі қарым-қатынасты оңтайландыру: топтық өзара әрекеттестік, сыйластық, басқалардың көзқарасын ескеру, топ пен оның жеке қатысушыларын сезіну қабілеттерін дамыту.
Спорттық шара қызықты, тартымды өтті
Спорттық ынталар мен өз командасының жеңіске жетуге деген ұмтылысы балалар мен ересектерді сонша баурап алды, олар айналада не болып жатқанын байқамады. Барлығы алдымен жеңіске жету үшін барын салды.