МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТТЕРІН САЙЛАУ !!!
2021 жылғы 22 қыркүйекте "Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша Самарка ауылының негізгі орта мектебі" КММ-де мектеп Президентін сайлау өтті. Сағат 15.00-де сайлау аяқталды және сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыстарын санауға кірісті. Дауыс беру және қорытынды шығару сайлау туралы заңға қатаң сәйкестікте өткізілді. Үлкен саясаттағы сияқты, дауыс беру жасырын түрде өтті және оны мұғалімдер, мектептің оқушылардың өзін-өзі басқару органының мүшелері кіретін арнайы сайлау комиссиясы қорытындылады. Дауыс беру қорытындысы бойынша жинаған: Баймағамбетова Томирис-20 ( 69%) Привалов Кирилл 6 (21%) Привалов Денис 3 (10%)
"Мектеп Президентін сайлау туралы" ережеге сәйкес дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Осыған байланысты 2021 жылғы 22 қыркүйекте мектеп президенті болып Баймағамбетова Томирис сайланды.