Текст
2021 жылдың 12 қарашасында Самарка негізгі мектебінде, 7-сыныпта Хуатхан Еркежан "Сәкен Жүнісовтың еңбектеріндегі адамгершілік"тақырыбында парасаттылық сағатын өткізді. Сәкен Жүнісов жан-жақты, ақылды,өнердің түрлі саласында өзін көрсете білді. Сәкен өлең шығарып, ән айтты, домбырада ойнады, сурет салды. Сәкен әрдайым өз халқының әділ де адал ұлы болып қала берді. Жас ұрпақтың өміріне көп көңіл бөлді. Егер қазіргі ұрпақ өз ұлтын сүюді және елге адал қызмет етуді үйренсе, онда біздің болашағымыз жарқын және гүлденген болады.