Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін әдістемелік сағаттар өткізді. Осыны негізге ала отырып, бүгінгі күннің өзінде аудан мектептерінің оқушыларын ұйымдастыру мен даярлауда дұрыс, жүйелі тәсілге мұғалімдердің алдына бір басты міндет қойылып отыр.
27 қазан күні сағат 16.00-де орыс тілінде оқытатын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік сағат өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1."Тілдік дағды және әдіс-дәстүрлер" Байжанова Гулим Сериковна, № 3 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
2. "Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау жолдары" Кощегулова Майра Каримбековна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері аудандық қауымдастығының төрайымы
3. "Аудандық қауымдастықтың жұмыс жоспарымен танысу" білім бөлімінің тілдік цикл әдіскері Қозыбакова Әсел Мұхтарқызы.
Мұғалім әрқашан шығармашылыққа үйренеді және өзін тұлға ретінде қалыптастырады. Баланың жан-жүрегіне жол табуда, әр сөзін ойын, іс –қимылын саралауда оған үлкен жауапкершілік жүктеледі.